AhlulBayt News Agency

source : Pars Today
Monday

20 August 2018

1:47:26 PM
906212

Message of Imam Khamenei on 2018 Hajj pilgrimage, in KAZAKH

Message of Imam Khamenei on 2018 Hajj pilgrimage, in KAZAKH.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың мұсылмандар арасында соғыс отын өршітуге бағытталған саясаттарына тоқталып: "Олардың шайтандық саясаттарын қырағылықпен бейтараптандыру қажет. Қажылық парызын орындау мен мүшіріктерден безу рәсімі қырағылық үшін қажет негіз дайындайды",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Алланың үйіне қажылыққа атанған мұсылман қауымға арнаған жолдауында қажылық парызын орындау үшін тұрақты бір мекенді белгілеуді мұсылмандар мен ислам үмбеті бірлігінің символы деп атап: "Дәл осы мекенде және белгілі бір кезеңде қажылық жасау әрдайым және барлық уақытта түсінікті әрі қисынды тілмен мұсылмандарды бірлікке ынталандырады. Міне, дәл осы мәселе барлық кезеңдерде, әсіресе қазіргі кезеңде мұсылмандарды бір-біріне қарсы сап түзеуге азғырып жатқан ислам дұшпандарының қалауына қайшы",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи үстемшіл, қылмыскер
АҚШ-тың әрекеттеріне тоқталып: "АҚШ-тың Ислам діні мен мұсылмандарға қарсы негізгі саясаты соғыс отын өршіту, мұсылмандардың бірін-бірі өлтіруі, қатыгез залымдардың мазлұм халықты азаптауы, озбырлар тобына қолдау көрсету, сол топ арқылы мазлұмдарды рақымсыз түрде басып-жаныштау және осы қорқынышты бүліктің отына әрдайым май құйып, оны ушықтыру болып табылады",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі мұсылмандардың қырағылық танытып, Американың шайтандық саясатын залалсыздандыру қажеттігін қуаттап: "Қажылық парызын орындау қырағылық үшін қажет негіз жасайды. Бұл қажылық кезіндегі мүшріктер мен үстемшілдерден безудің пәлсапасы саналады.

Қымбатты қажылар! Сирия, Ирак, Палестина, Ауғанстан, Йемен, Бахрейн, Ливия, Пәкістан, Кашмир мен Мьянма және т.б. елдердегі мұсылман үмбеті мен мазлұмдар үшін дұға тілеуді ұмытпай, Құдайдан АҚШ пен басқа үстемшілдер мен олардың сыбайластарының қолдарын қысқартып, бетін қайтаруды сұраңыздар",- деп баса айтты.