AhlulBayt News Agency

source : parstoday
Monday

5 September 2016

2:22:41 PM
777017

The message of Imam Khamenei to the world Muslims on 2016 Hajj pilgrimage in Kazakh

The message of Imam Khamenei to the world Muslims on 2016 Hajj pilgrimage in Kazakh.

Ислам революциясының жетекшісі қажылықты мұсылмандардың ғиззаты мен руханиятының символы, үстемшілердің қоқан-лоққылары алдында адамдарға тыныштық пен қауіпсіздік сыйлайтын бастау, мүшіріктерден тазарып, мүміндермен достасып, бірігетін жер деп атады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні биылғы жылы Байт уллаһ ал-Харамға қажылыққа баратын зияратшыларға арнаған жолдауында: «Қажылық парызы дұшпандарға ислам үмбетінің ұлылығын, мұсылмандардың әлемдік үстемшілдердің адамзат қоғамдарына таңып отырған жемқорлық, бағыныштылық пен езгі батпағынан қандай қашықтықта екенін айқын көрсетеді. Биыл ирандық мүміндердің Алла үйіне барар жолын жапқан саудиялық басшылар – өздерінің билікте қалуын үстемшілдердің талап-тілектерін орындап, сионистік режим мен АҚШ-қа жақтасуда деп санайтын, осы жолда ешбір қиянаттан бас тартпайтын қара бет адасушылар»,-деді.  

Ислам революциясының жетекшісі өткен жылғы Мина оқиғасы мен әл-Харам мешітінде кранның құлауы салдарынан мыңдаған қажының қайтыс болуына тоқталып: «Бақылаушылар мен техникалық сарапшылар осы апаттарға саудиялық басшылар себепкер болған деген пікірде. Олар апаттардың қасақана орын алу ықтималдығын да айтып өтті»,-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи Иран халқының әлі күнге дейін Мина оқиғасында қайтыс болғандарды аза тұтып, қайғырып жүргендерін, осы оқиғаға қатысты әлі де ашулы екендіктерін айтып: «Саудиялық басшылар кешірім сұрап, өкініш білдіріп, осы қорқынышты апатқа тікелей жауаптыларды сотпен қудалаудың орнына асқан арсыздықпен ақиқат іздеуші халықаралық топтың құрылуынан да бас тартты. Құран мен сүннетке ашық түрде қайшы пәтуа шығаратын олардың арам да тойымсыз мүфтилерінің ирандық зияратшылардың биылғы жылғы қажылыққа барудан мақұрым қалуына ирандық басшыларды айыпты деп көрсеткісі келетін жарнамалық айқайы еш нәтиже бермейді.

Тәкфирлік және қылмыстық топтарды құрып, жасақтау арқылы ислам әлемін азаматтық соғыстар мен жазықсыз жандардың өлтіріліп, жаралануына душар қылған және Йемен, Ирак, Сирия, Ливия мен басқа да елдерді қанға бөктірген іріткі салушы саудиялық басшылар – басқыншы сионистік режимге достық қолын созған, палестиналықтардың азабы мен қиыншылығына көзін жұмған, Бахрейнде өзінің зұлымдығы мен қылмыстарын өрістеткен саяси жеңіліс тапқандар. Саудиялық басшылар биыл да ирандық және басқа кейбір ұлттардың зияратшыларына тосқауыл қоюмен қатар, басқа елдердің зияратшыларын бақылау бөлімдерінде АҚШ пен сионистік режимнің тыңшылық ұйымдарының көмегімен шектен тыс бақылауға алып, Алланың қауіпсіз үйін барша үшін қауіпті жерге айналдырды. Ислам елдері саудиялық басшылардың материалдық дүниеге байланған имансыз болмысына нақты көз жеткізуі тиіс және ислам әлемінде жасаған қылмыстары үшін олардың жағаларынан алып, қасиетті қалаларды басқару және қажылық рәсімдерін ұйымдастыру мәселелері жөнінде түбегейлі ойлануы қажет, өйткені осы міндетке салғырттық таныту ислам үмбетінің болашағын бұдан үлкен қиындықтарға ұшыратады.

Биылғы қажылық рәсімдерінде Аллаға ғашық, риясыз ирандық зияратшылардың орны бос болады. Бірақ олар өздерінің жүректерімен әлемнің түкпір-түкпірінен келген қажылармен бірге болып, олардың жағдайы үшін алаңдап, пұтқа табынушылардың оларға зиян тигізбеуін тілеп, дұға тілейтін болады»,-деп мәлімдеді.