AhlulBayt News Agency

source : Parstoday
Saturday

30 April 2022

8:25:11 AM
1253221

Imam Khamenei's speech on Al-Quds Day, 2022 in KAZAKH

Supreme Leader of the Islamic Revolution Ayatollah Seyyed Ali Khamenei has started delivering a televised speech in commemoration of the International Quds Day. The following is the text of the speech delivered on April 29, 2022 by Imam Khamenei, the Leader of the Islamic Revolution, on the occasion of Quds Day in KAZAKH.

AhlulBayt News Agency (ABNA): Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи бүкіл Палестинаның қарсыласу алаңына айналғанын және сионистік дұшпанмен бітімге келу барлық жоспарлардың жойылғанын мәлімдеді.

Ислам революциясы жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аятолла Хаменеи  жұма күні Дүниежүзілік Құдс күніне орай теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Палестина халқының мүддесіне болатын ерекше келешектің үмітті белгілеріне, олардың ішінде қарсылық алаңының бүкіл Палестинаға кеңеюі және керісінше, басқыншы режим мен оның негізгі қолдаушысы АҚШ-тың әлсіреуіне назар аудартып, Палестинадағы соңғы жылдардағы оқиғалардың сионистік режиммен барлық бітімге келу жоспарларының жойылуын білдіреді деп тауып, Батыс Азия аймағындағы қарсыласу құбылысының орны толмас игілігін еске сала отырып: «Қарсылық күшімен ғана Ислам әлемінің және ең алдымен Палестина мәселелері шешіледі»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи басып алушы және қылмыскер сионистік режимнің Құдстағы үстемдігі жойылғанша, жылдың барлық күндерін Құдс күні деп санау керектігін баса айтып: «Қасиетті Құдс - Палестинаның жүрегі,  Нилдан Евфратқа дейін басып алынған елдің бәрі - Құдстың жалғасы»,- деді. Бұл кісі Палестина халқының теңдесі жоқ төзімділігі мен батылдығын  мадақтап, палестиналық жастардың жанқиярлық операцияларын Палестина үшін қорғаныс қалқаны құру және өзгеше болашақтың жаршысы деп сипаттады және өз сөзінде  Палестинаның бүгіні мен ертеңіндегі жаңа теңдеулердің пайда болуының белгілеріне тоқталып: «Бүгінде Палестинада және бүкіл Батыс Азияда сионистік «жеңілмейтін армияның» орнын «жеңілмейтін ерік» басты және қылмыстық армия өзінің шабуыл шебін қорғаныс шебіне айналдыруға мәжбүр болды»,- деді.

Аятолла Хаменеи қарсыласудың Палестинаның түпкір-түпкіріне кеңеюіне, олардың ішінде Дженини лагері қозғалысының сионистерді есінен шығарғанына, палестиналықтардың 70 пайызының басқыншы режимге әскери шабуыл жасауға шақыруы, Палестина халқының 1948 жылғы аумақтардың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі жиһадтық қозғалыстары, Иордания мен Шығыс Құдстағы шерулер, палестиналық жастардың әл-Ақса мешітін қорғауы және Газадағы әскери жаттығуларға тоқталып: «Бүкіл Палестина қарсыласу алаңына айналды және Палестина халқы бірлік жиһадын жалғастыруға бел байлады. Бұл маңызды құбылыстар палестиналықтардың басқыншы режимге қарсы тұруға толық дайындығын білдіреді және моджахедтер ұйымдарына қажет деп тапқан кез келген жағдайда әрекет ету құқығын береді»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи осы және соңғы жылдары Палестинада болған оқиғалардың маңызды жолдауын сионистік дұшпанмен барлық бітімге келу жоспарларының күшін жою деп тауып: «Палестинаға қатысты ешбір жоспар оның иелері палестиналықтардың пікіріне қарсы орындала алмайды. Яғни, Осло немесе екі мемлекетті араб жоспары немесе Ғасыр келісімі, әлде соңғы  қалыпқа келтіру сияқты келісімдер күшін жойды»,- деп сөзін жалғады. Ислам революциясы жетекшісі сионистік режимнің тұншығуына қарамастан  барлық қылмыстарының жалғасуына тоқталып: «Украина мәселесінде дүр сілкіндірген Еуропа мен АҚШ-тағы адам құқығы туралы уәжденуші өтірікшілер Палестинадағы осынау қылмыстардың алдында үнсіз қалып, езілгендерді қорғамай, қанішер қасқырға да көмектесуде»,- деді.